00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада іздеуде жүрген Әзірбайжан азаматы Бакуде ұсталды

6 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Елордада іздеуде жүрген Әзірбайжан азаматы Бакуде ұсталды
Фото: Polisia.kz

Елордада алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Әзірбайжан азаматы Бакуде ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Баку қаласының аумағында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер, Әзірбайжан республикасының 29 жастағы азаматы анықталды. Ол 2022 жылдың ақпан айында астаналық әйелді алдап, 5 250 000 теңге көлемінде ақшаны заңсыз иемденіп алғаны белгілі болды. Ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін асыра пайдаланып, ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттарды қаскөйлердің әрекеттерінен қорғау сылтауымен қолма-қол ақшаны иемденген», - деп жазылған хабарламада.

Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бабы – ірі көлемде жасалған алаяқтық айыбы тағылды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі қайта тапсыру мәселесі шешіліп жатыр. 2024 жылдың 2-6 қыркүйегі аралығында Астанада көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шара барысында іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды.