00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада экскурсоводтардың республикалық форумы өтті

Елордада экскурсоводтардың республикалық форумы өтті
Фото: Василий Крась

Елордада экскурсоводтардың республикалық форумы өтті.

Іс-шараның өтуіне Туризм және спорт министрлігі, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы, Астана қаласының әкімшілігі және Еуразия Ұлттық университеті ұйытқы болды.

Форумға туризм саласының мамандары, 100-ден астам гидтер мен экскурсоводтар, мұғалімдер мен студенттер қатысты.

Іс-шараны ашқан Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев  туризм саласы мамандары қызметінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ еліміздегі алдыңғы қатарлы гидтерге министрлік атынан алғысхаттар табыстады.

 

Бүгін әлем бойынша экскурсоводтар күнін атап өтудеміз. Биыл бірінші республикалық форумда Қазақстан бойынша гид, экскурсоводтарды жинап, осы саладағы өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналып отырмыз. Мұнда туризм саласының даму бағыттары сөз болады.

Маман дайындау мәселесіне келер болсақ, былтырдан бастап мемлекет қолдауымен туризм бағытында мамандар дайындап жатырмыз. Өзіміздің кафедрамыздан 8 мұғалім гид-экскурсовод оқуын бітіріп, куәлік алды. Олар студенттерді теориялық білім ғана емес, практикалық біліктілікке де бейімдейді. Экскурсиятану, музейтану сабақтары бойынша қосымша оқытады. Арнайы дайындықтардан өткен ұстаздар университетте лекциялар өткізумен қатар қаламыздың көрікті жерлерінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді, - деді Еуразия Ұлттық университеті экономика факультеті туризм кафедрасының меңгерушісі Ләйлә Муталиева.

 

Форумда «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы өкілі гид-экскурсоводтарға байланысты дайындалып жатқан жаңа жобаларымен таныстырды.