00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада демалыс күні жаппай веложарыс өтеді

22 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада демалыс күні жаппай веложарыс өтеді
фото: gov.kz

Елорда тұрғындары мен қонақтары Астананың 25 жылдығына арналған жаппай веложарысқа шақырылады. Іс-шара 25 маусым күні өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс Қосшы қаласы бағытындағы айналма веложолдан басталады. 25 шақырым қашықтықтан кейін Үркер (Ильинка) елді мекеніне барар жолдағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.

Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу: сағат 8:00 - 8:30. Басталуы – 9:00.

Әрбір қатысушы жарысқа өз велосипедімен жіберіледі.

Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.