Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады

фото: Оңалхан Өнерхан
2 қарашадан бастап Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайында орналасқан «Koktal» СОО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Келушілер еліміздің бірқатар өңіріндегі жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдерді сатып ала алады. Соның ішінде: жаңа піскен көкеністер мен жемістер, сапалы ет, ұн өнімдері және басқа да көптеген ауылшаруашылық өнімдері.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін 2 қарашадан бастап өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйек, 2025
Астанада көмірді қайдан және қаншаға сатып алуға болады

15 қыркүйек, 2025
LRT пойыздарының операторлары Қытайда оқытудың екінші кезеңін аяқтады

15 қыркүйек, 2025
Үкіметте мектептер, бірыңғай әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша шаралар ұсынылды

15 қыркүйек, 2025
Елордада «Пациент – серіктес» атты ерекше бағдарлама таныстырылды