00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада AULAFIT әлеуметтік жобасы басталды

Елордада AULAFIT әлеуметтік жобасы басталды
фото: Elorda.info

Астанада қала тұрғындарына жаттықтырушымен тегін және тікелей өз ауласында спортпен шұғылдануға мүмкіндік  беретін AULAFIT әлеуметтік жобасы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Әлеуметтік жобаның ашылу салтанаты елордадағы тұрғын-үй кешендерінің бірінің ауласында ұйымдастырылды. Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт бөлімінің басшысы Азамат Ағзамовтың сөзінше, жобаға балалар ғана емес, егде жастағы адамдар да қатыса алады.

Барша елордалықтарды әлеуметтік жобасының ашылуымен құттықтаймын. Бұл жоба осыдан төрт жыл бұрын бастау алып, еліміздің түкпір-түкпірінен кеңінен жүзеге асырыла бастады. Айтулы жоба арқылы қала тұрғындары жаттықтырушымен тегін өз үйінің ауласында спортпен шұғылдана алады. Оның аясында арнайы мамандар күнделікті әр аулаға барып, футбол, баскетбол, волейбол сияқты командалық ойындар бойынша және жалпы физикалық дайындық бойынша жаттығулар жүргізеді. Қатысам деушілердің жасына шектеу жоқ. Бүгінде жоба елордадағы  25 аулада жүзеге асады,- деді Азамат Ағзамов.

Салтанатты жиынға  күш нөмірлері бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Гиннес кітабының рекордшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми елшісі – Сергей Цырульников қатысты.

Біздің елімізде бұқаралық спортқа көңіл бөлінетіні қатты қуантады. Әсіресе, балалар арасындағы спорт түрлері жақсы дамуда. Бүгінгі AULAFIT әлеуметтік жобасы да тұрғындарға спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Осы орайда жоба мақсатын іске асыратын жаттықтырушыларға алғысымды білдіремін,- деді Сергей Цырульников.

Төменде біз қала бойынша жаттығулар өтетін 25 орынның мекенжайларын ұсынамыз.

1. Тілендиев даңғылы, 38
2. С 303 көшесі, 2 үй
3. «Манхэтен» ТК, Әнет баба, 11
4. Ш.Айтматов, 36 – «Жағалау» ТК
5. Қорғалжын тасжолы, 25 – «Елорда 2020» ТК
6. Ш. Қосшығұлұлы, 20
7. Сарыарқа, 11
8. Пушкин көшесі, 15 – «Китайская стена» ТК
9. Сығанақ көшесі 14 – «Шығыс ТК»
10. Ж. Молдағалиев, 6
11. С. Сейфуллин, 9 – «Жоңғар қақпасы»
12. Степан Кубрин, 23/1 – «Еуропалық» ТК
13. Сарайшық көшесі, 34 – «Дипломат» ТК
14. Ұлы дала, 31/1 – «Алпамыс» ТК
15. Күйші Дина көшесі, 31 – «Мирас» ТК
16. Момышұлы даңғылы, 12 – «Астана Меруерт» ТК
17. Түркістан к-сі, 10 – «Көркем» ТК 2
18. Сауран к-сі, 5 – «Градкомплекс 2» ТК
19. Қошқарбаев даңғылы, 45
20. Ш.Айтматов, 60 – «Мадрид» ТК
21. Кенесары даңғылы, 64 – «Дарын» ТК
22. Қошқарбаев даңғылы, 34 – «Түркістан» ТК
23. Құдайбердіұлы көшесі, 5
24. Сауран көшесі, 3/1 – «Сармат 1» ТК
25. Б.Майлин көшесі, 31 – «Апато» ТК