00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қар күреу жұмыстары күшейтілді

17 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қар күреу жұмыстары күшейтілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қардың қалың түсуіне байланысты шаһардағы коммуналдық сала қызметкерлері мен арнайы техникалар күшейтілген режимде қар тазалау жұмысына жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Мәселен, Байқоңыр ауданында 16 сәуірден 17 сәуірге қараған түні 3 500-ге жуық текше метр қар аумақтан шығарылды. Таңнан бері қар тазалау жұмыстарына 150-ден астам арнайы техника мен 50-ге тарта жол жұмысшысы шықты.

Есіл ауданы бойынша қар тазалау жұмыстарына барлық коммуналдық шаруашылығы мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, 283 бірлік арнайы техника, 700-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылған.

bd133829-b2e2-4069-84d2-19b7e27ea9c1.jpg

Алматы ауданында 112 бірлік арнайы техника мен 595 жол жұмысшысы жолдар мен тротуарларды тиісті және ең бастысы, қауіпсіз күйге келтіруге тырысып, еңбек етуде.