00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада алғаш рет арбадағы теннистен ел біріншілігі өтеді

26 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада алғаш рет арбадағы теннистен ел біріншілігі өтеді
фото: inbusiness.kz

Астанада алғаш рет арбадағы теннистен ел чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 40-қа жуық спортшы қатысады. Қатысушылар арасында үздік спортшыларды анықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу жарыстың мақсаты болмақ. Ел біріншілігі 27 шілде күні сағат 10:00-де «Дәулет» теннис орталығында өтеді.

Айта кетейік, арбадағы теннис елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі болып саналады. Бұл спорт түрінен алғаш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өтті. Чемпионатқа 6 өңірден 20 спортшы қатысты.