00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді

Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді
коллаж Еlordaqparat

Елімізде әрбір оныншы адам артық салмақтан зардап шегеді, ал балалар арасында семіздіктің таралуы бойынша АҚШ көрсеткіштерін қуып жеттік. Жағдайды түбегейлі өзгерту үшін алғаш рет салауатты болашақ туралы Ұлттық форум өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұл қазақстандықтардың денсаулығына төнген қауіптің алдын алу және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам болып саналады.

«Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен өткізілетін іс-шараның басты мақсаты – мемлекет, бизнес және ғылым синергиясының арқасында құрылған салауатты болашаққа, ұлттың табысы мен күшіне қол жеткізу. 
Форум спортты қолдаудың мүмкіндіктері мен тетіктері, қалалық спорт алаңдарын ұйымдастыру, корпоративтік спортты дамыту, физикалық және менталды денсаулыққа саналы көзқарасты қалыптастыру, салауатты ұрпақты тәрбиелеу, белсенді өмір салтының адамдардың денсаулығына әсері сияқты өзекті тақырыптарды талқылауға арналған пікір алаңына айналады. 
Қалайша халық денсаулығын мемлекеттің мақсатына, ал корпоративтік мәдениетті салауатты қоғамның драйверіне айналдыра аламыз және пайдалы белсенді хоббиді қалайша барлығына қолжетімді ете аламыз? Бұл мәселелер форумның күн тәртібіне енгізілген», - делінген хабарламада.

Іс-шарада спикер ретінде Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, аты аңызға айналған қазақстандық кардиохирург, «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пя, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров, қазақстандық балуан, Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульников және басқа да көптеген танымал тұлғалар спикер ретінде сөз сөйлейді.

Сонымен қатар форумда салауатты өмір салтын насихаттау саласындағы Қазақстандағы алғашқы марапат – Capital Health Award марапаты өтеді.

Марапаттар салауатты өмір салтын насихаттауға, корпоративтік мәдениетті дамытуға, әлеуметтік жобаларды қолдауға, әуесқой және кәсіпқой спортты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін табыс етіледі.