00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда автопаркі жаңа 90 автобуспен толықты

Елорда автопаркі жаңа 90 автобуспен толықты
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

Осы айда тағы 40-қа жуық автобустың жеткізілуін күтіп отырмыз. Қоғамдық көліктің бір бөлігі – электр автобустары. Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, пандустармен және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы орындармен жабдықталған.
Жалпы, биыл қоғамдық көлік паркін 400 автобусқа арттыруды жоспарлап отырмыз. Мәселен күн сайын желіге орта есеппен 900 автобус шығады, - деп жазды елорда әкімі.

IMG-20230704-WA0181.jpg

Осылайша, 400 жаңа автобус автопаркті едәуір ұлғайтуға, жаңа маршруттарды іске қосуға, қоғамдық көлікті күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді.

Айта кетейік, автобустардың бір бөлігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қоғамдық көлікті жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша, сол сияқты жеке автопарктердің қаражаты есебінен сатып алынды.