Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
23 мамыр, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: Olympic.kz
Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz сілтеме жасап.
Бүгін татамиге шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңіліс тапты.
100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрлыхан Шархан даниялық Дэниел Эйчке есе жіберді.
+100 келі салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бахрейндік Азамат Чотчаевтан ұтылды.
+78 келідегі Камила Берліқаш екінші айналымда қытайлық спортшыға жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем біріншілігін бір қола медальмен аяқтап отыр. 48 келідегі Абиба Әбужақынова ғана жүлдеге ілікті.
Қалған спортшылар түгел жеңіліп қалды.
Ұқсас жаңалықтар