00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады

CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

Автобустан табылған барлық заттарды жүргізушіге тапсыру керек. Бұл туралы CTS көлік компаниясы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, әр автобустың салонында 4-тен 8-ге дейін бейнебақылау камерасы орнатылған. Жолаушылардың кіру/шығуынан бөлек, камералар дыбысты да жазады.

Бұрнағы күні әйел адам автобуста ұялы телефонын ұмытып кеткен. Ал бір аялдамадан кейін қайтып оралғанда смартфон орнында болмаған.

«Құрметті жолаушылар, автобус салонында сөмке, телефон және басқа да заттар табылған кезде оларды жүргізушіге тапсыруларыңызды сұраймыз. Өз затын ұмыт қалдырған адам оған міндетті түрде оралатыны анық, өйткені оған өзінің заты аса қажет екені белгілі. Ал жүргізуші өз кезегінде ауысым аяқталғаннан кейін табылған затты автобус паркінің диспетчеріне тапсырады», - делінген компания хабарламасында.