00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордада жедел жәрдем стансасы 70 көлікпен толығады

Биыл елордада жедел жәрдем стансасы 70 көлікпен толығады
фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Қала тұрғындары тарапынан жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысына қатысты негізделген шағымдар түседі. 103 қызметі басшылығымен және денсаулық сақтау басқармасымен мәселелерді шешу ісі талқыланды. Мәселен, қазір жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркінде 145 автокөлік бар. Олардың бір бөлігі жөндеуді қажет етеді. Бұл мәселені шешу үшін санитарлық көлік паркіне сыртқы аудит жүргізілді. Жеткізушілермен санитарлық көліктерді жөндеу бойынша шарттар жасалды. Желідегі көліктер санын көбейту үшін әрі жылдамдықтың 4-санатына қоңырау шалу үшін қосымша машиналарды уақытша жалға аламыз,- деп жазды Жеңіс Қасымбек. 

Қала әкімінің сөзінше, биыл жедел жәрдем автопаркі 70 машинамен толығады. 

Сол сияқты биыл жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркін 70 бірлік санитарлық машинаға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, кезең-кезеңімен мынандай қосымша шаралар қабылданады:
- Медициналық бригадалардың ашықтығын арттыру және жұмысын бақылау үшін санитарлық автомобильдерге ішкі видеотіркегіштер орнатылады;
- Санитарлық автомобильдерді радиофикациялау бригадалар мен диспетчерлік қызметтер арасындағы үздік өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
- Электронды борттық журналдарды енгізу автомобильдерді пайдалануды есепке алу мен бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Қолайлылық жасау үшін медицина қызметкерлері мен жүргізушілердің жалақысы ұлғайтылды. Бұл үрдісті ары қарай да жалғастырамыз,- деп жазды қала әкімі.