Биыл Астанада 124 өрт оқиғасы тіркелді
Елорда аумағында 33 000-ға жуық жеке тұрғын үй бар. Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында өткен брифинг барысында қалалық ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның 22 600-і қатты отынмен пешпен жылыту арқылы жылытылады, 10 400-і орталық газбен жабдықтау желісіне қосылған.
«Жыл басынан бері жеке секторда 124 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттердің алдын алу және азайту мақсатында департамент жыл сайын жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оны іске асыру 15 тамыздан 20 сәуірге дейін жүзеге асырылады», - деді спикер.
Жоспарды іске асыру басталғаннан бастап, бірінші кезекте профилактикалық іс-шаралар халықтың әлеуметтік осал топтарының (ХӘОТ) және барак үлгісіндегі тұрғын үйлердің (БҮТҮ) тұрғылықты жерлері бойынша жүргізіледі. Алдын алу аулаларды аралау жолымен жүзеге асырылады, оның шеңберінде тұрғындарға жадынамалар тапсырылады және пешті жылыту мен электр желілерін ұстау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріледі.
«Департаменттің есебінде бүгінгі күні аулаларды аралаумен толық қамтылған 750 әлеуметтік осал топтағы отбасы бар. 168 үйде көміртегі тотығы датчиктері орнатылды, қалған 582 үйде сыртқы тексеру және батареяларды ауыстыру жүргізілді. 20 қыркүйектен бастап барак үлгісіндегі үйлер мен жатақханаларды аралау басталды. 1 065 барак үлгісіндегі тұрғын үйлердің есебінде, бүгінгі күні оның ішінде 714 үй қамтылды, осы объектілерді аралау жалғасуда», - деді М.Айдосұлы.
15 тамыздан бастап жылыту кезеңіне дайындық шеңберінде 4 265 үй профилактикалық аралаумен қамтылды.
«8 мыңға жуық бұзушылық анықталды (олардың ішінде 24%-ы жылыту жүйелеріне және 35%-ы электр энергиясына қатысты), оның 2 150-і сол жерде жойылды. Департамент анықталған бұзушылықтардың орындалуын бақылауды қарастырмайтынын атап өткен жөн. Сонымен қатар, үгіт-насихатқа «мобильді кинотеатр» акциясы (проектор және экран арқылы жеке секторда өрт қауіпсіздігі бойынша бейнероликтер көрсетіледі), «өрт қауіпсіздігінің бірыңғай сағаты» (барлық ірі сауда ойын сауық орталықтарында және сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі бойынша аудио және бейнероликтер бір мезгілде таратылады) сияқты жаңа тәсілдер қолданылады. Сондай-ақ, «Астана ЕРЦ» ЖШС шот-түбіртектерінде өрт қауіпсіздігі ережелері туралы жадынаманы орналастыру мәселесі пысықталды», - деді орынбасар.
Мадияр Айдосұлы тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар жалғасатынын айтты.
«Халықты тұрғын үйлерінің қысқы кезеңге дайындығына тағы да назар аударуға шақырғым келеді.Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау керек екенін ескертемін, әсіресе күн салқын мезгілде, олар түрлі қауіптерге тап болуы мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі мен үйлердегі жылу - біздің ортақ жауапкершілігіміз», - деп сөзін түйіндеді қалалық ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев.