Байқоңыр ауданындағы тұрғын алаптар газбен қамтылады - Жеңіс Қасымбек

фото: Сұлтан Сейітов
Елордада қала әкімі Жеңіс Қасымбек Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кездесуде аудан тұрғыны газбен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп, газ жүргізу қажет деген тілегін айтты.
Жеңіс Қасымбек бұл мәселе келесі жылы шешілетінін жеткізді.
«Байқоңыр ауданындағы тұрғын алаптарды газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жылдамдатуға тырысып жатырмыз. Биыл елорданың өзге тұрғын алаптары, яғни «Үркер», «Тельман», «Ильинка» газбен қамтамасыз етілді. Келесі жылы «Шұбар» тұрғын алабы да қамтылады. Сонымен қатар келесі жылы Байқоңыр ауданындағы басты тұрғын алаптарда жобалық құжаттама жұмысын аяқтауда жоспарлап отырмыз»,- деді елорда әкімі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:25
Елордада Astana Art Fair 2025 заманауи өнер көрме-жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 17:47
Жеңіс Қасымбек «Үркер» тұрғын алабының тұрғындарымен кездеседі

Бүгін, 16:53
«Менің елім»: Астаналық оқушылар арасында сурет байқауы өтті

Бүгін, 16:29
Астана соты 5 адамды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты