00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Байқоңырды жарықтандыру жалғасып жатыр

25 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Байқоңырды жарықтандыру жалғасып жатыр
Фото: дереккөз

Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы тұрғын алаптарда көше және аула аумақтарын жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл басынан бері аудандағы  «Кирпичный», «Казгородок», «Өндіріс» тұрғын алаптары бойынша барлығы 50-ден астам бағана шамдары ауыстырылды, сондай-ақ, жыл соңына дейін қосымша тағы 100-ге жуық бағана шамдарын ауыстыру жоспарланған.

Бұдан бөлек, күнделікті келіп түскен ескертулерге байланысты үзілген кабельдерді жалғау, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.