Астаналық жаттықтырушылар үшін тегін хостел ашылды
Елордада алғаш рет жас жаттықтырушылардың тегін тұруына арналған жатақхана ашылды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Елордада алғаш рет олимпиадалық резервтегі бірінші мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (СДЮСШОР) жас жаттықтырушыларының тегін тұруына арналған жатақхана ашылды. Үй-жай спорт мектебінің балансына елорда КЖК-нің бірінің бірінші қабатындағы Мемлекеттік мүлік басқармасы арқылы берілді.
Жаттықтырушылар үшін тұрғын үй мәселесі әрқашан өзекті болды, төрт алматылық және екі өскемендік жаттықтырушы уақытша тұрғын үйге орналасты. Мұнда барлық жағдай жасалған, жеке бөлмелер, жиһаздар бар. Спорт және дене шынықтыру басқармасының алғашқы оң тәжірибесін одан қолдап, жалғастыратын боламыз.
Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің «№7 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің» жұмысымен танысып шықтық, - деді Ерлан Каналимов.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы қазіргі таңда спорттық зал толығымен дайын екенін айтты. Аталған нысанда спорттың 8 түрінен (қазақ күресі, джиу-джитсу, грэпплинг, таеквондо, каратэ-до, муайтай, киокушинкай кан каратэ, самбо) оқу-жаттығу процесі өтіп жатыр. Осы спорттық залда 200-ге жуық спортшы дайындалуда.