00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық прокурорлар кәсіпкерлердің құқығын қорғады

27 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық прокурорлар кәсіпкерлердің құқығын қорғады
фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша медициналық мекемелердің кепілдіктерді қайтармау фактілері анықталды,-деп хабарлады Elorda.info

Прокурорлық тексеріс кезінде елордалық 75 бизнес субъектілеріне 2,3 млн теңгеден астам сомма қайтарылмағаны белгілі болды.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның нормаларына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады. 

 Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге келісім-шарт соммасының 3% мөлшерінде кепілдік төлем қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.