Астаналық оқушылар төтенше жағдайда жедел әрекет етуді көрсетті
Зияткерлік ойынға қатысу үшін мектептер арасында алдын ала «Азаматтық қорғау саласындағы үздік бейнеролик» іріктеу туры өткізілді, деп хабарлайды Elorda.info.
Оның нәтижелері бойынша №22 мектеп-гимназия, №72 мектеп-лицей, №42 орта мектеп, №30 мектеп-гимназия үздік нәтижелер көрсетті.
Ойын 4 турдан, теориялық және практикалық тапсырмалардан тұрды: командалардың сәлемдесуі, «Брейн-ринг», «Мен құтқарушымын», «Не? Қайда? Қашан?».
Ойын барысында балалар азаматтық қорғау және алғашқы медициналық көмек көрсету саласындағы білімдерін, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуді көрсетті. Сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қалыптасу тарихындағы білім деңгейін арттырды.
Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша №72 мектеп-лицейінің командасы 1-орынды, №30 мектеп-гимназиясының командасы 2-орынды және 3-орынды №22 мектеп-гимназиясының командасы иеленді.