00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанаға Қытайдан әкелінген қалампырдың ірі партиясы жойылды

17 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанаға Қытайдан әкелінген қалампырдың ірі партиясы жойылды
фото: ҚР АШМ

Астанада фитосанитариялық талаптарға сай келмеген 1600 түп қалампыр жойылды, деп хабарлады Elorda.info Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«Астана халықаралық әуежайы» фитосанитариялық бақылау пунктінде бақылау-қадағалау шаралары барысында қалампыр кесінділерінен қауіпті зиянкеспен зақымдалған гүлдерге тән белгілер байқалған.

АШМ мәліметінше, 1600 қалампыр партиясы Қытай Халық Республикасынан әкелінген.

«Іріктелген үлгілер карантиндік зертханалық сараптама жүргізу үшін Республикалық өсімдіктер карантині орталығына жіберілді.Сараптама қорытындысына сәйкес карантиндік объектінің батыс гүл трипсімен залалданғаны расталды. Әкімшілік хаттама жасалып, іс сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.

Ауданаралық мамандандырылған соттың шешіміне сәйкес, ластанған өнім өртелді.