00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада жеке сот орындаушылар мүгедектердің банк шоттарын заңсыз бұғаттаған

18 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада жеке сот орындаушылар мүгедектердің банк шоттарын заңсыз бұғаттаған
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада жеке сот орындаушылар мүгедектердің банк шоттарын заңсыз бұғаттаған, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп,  27 тұлғаның 1,2 млн теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді,- деп жазды дереккөз. 

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.