Астанада жастар арасында зияткерлік сайыс өтті

Бүгін, 15:19
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views51
Астанада жастар арасында зияткерлік сайыс өтті
Фото: ұйымдастырушылардан

Астанадағы MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай жастар арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Командалық форматта өткен байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайтуға үлес қосу, жастардың тілге деген құрметін арттыру.

Сайыс төрт бөлімнен тұрды. Қатысушылар мақал-мәтелдерді жалғастыру, жаңылтпаштарды мүдірмей айту, ән мәтіндерін табу, сондай-ақ берілген сөздердің мағынасын ашу сынды түрлі тапсырмалар арқылы өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады.