00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадағы жеті қараусыз бос кеңістік абаттандырылды

Астанадағы жеті қараусыз бос кеңістік абаттандырылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Биыл елорданың Байқоңыр ауданында 7 қараусыз бос кеңістік кешенді абаттандырылып, орнына балалар ойын алаңдары жайластырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Абаттандыру барысында ауданның шет аймақтарына баса назар аударылды.

Аталған 7 кеңістіктің 6-ауы ауданның шет аймақтарындағы тұрғын алаптарда болса, 1-еуі ауданның орталық бөлігінде орналасқан.

Толстой-Абыралы көшелерінің қиылысында бой көтерген қоғамдық кеңістік аумағында тұратын отбасылардың 2 мыңға жуық баласы бар. Осыған дейін бұл учаскеде тұрғындар демалысы мен балалар үшін ойын алаңы болмаған. Сондай-ақ бұл учаске ауданның орталық бөлігінде орналасқанымен, көктемде қар суы, қыста жаңбыр суы жиналатын балшықты бос кеңістік болған, - дейді Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Бүгінде тұрғындардың игілігіне, балалардың қуанышына орай аталған алаң кешенді абаттандырылып, жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.

Сонымен қатар Байқоңыр ауданының тұрғын алаптарындағы 6 учаскеде осы сияқты бос кеңістіктерді кешенді абаттандыру, орнына балалар ойын алаңдарын жайластыру жұмыстары жүргізілді.

Олар:

1. «Өндіріс» тұрғын алабы – Құрманғазы көшесі;

2. «Қоянды» саяжай алқабы – орталық алаң;

3. «Кирпичный» тұрғын алабы – Көксеңгір көшесі;

4. «Қазқалашық» тұрғын алабы – Қарақұм көшесі;

5. «Мұнайшылар» ауылы – Әл-Фараби көшесі;

6. «Өндіріс» тұрғын алабы – Тайбурыл көшесі.