Астанадағы «Өндіріс» тұрғын алабында 6 көшеде жөндеу жұмысы жүргізіледі

Астанадағы «Өндіріс» тұрғын алабында 6 көшеде жөндеу жұмысы жүргізіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Рахманберді «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Өндіріс» тұрғын алабында сумен жабдықтау және нөсер кәріз желілерін салу жобасы іске асырылады. Қазіргі уақытта жобаларды іске асыру аясында тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыс жоспары аясында: сумен жабдықтау – 12 шақырым, кәріз – 17 шақырым жоспарлануда.

«Биыл 10 шақырымнан асатын 6 көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізу және 5 аялдама орнату, 80-ге жуық мекенжайда 200-ден астам бейнебақылау орнату жоспарланып отыр», - деді Талғат Рахманберді.

Сондай-ақ аудан әкімі тұрғындармен тығыз байланыста болып, кез келген мәселелерді шешу үшін жұмыла еңбек ететінін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін «Байқоңыр» ауданында 10 жылы аялдама орнатылатынын жазған болатынбыз.