00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадағы Достық үйінде сарапшылар қауымдастығы құрылады

Астанадағы Достық үйінде сарапшылар қауымдастығы құрылады
Фото: Е.Каналимовтың Instagram парақшасынан

Астанадағы Достық үйінде қалалық мәслихат депутаттарының Қазақстан халқы Ассамблеясымен байланыс тетігін орнату мәселелеріне арналған комиссия отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана – 1,5 миллионға жуық тұрғыны бар, қарқынды дамып келе жатқан қала. Оның халқын 70-тен астам этнос пен этникалық топ өкілдері құрайды. Мұндай саналуандық жағдайында ҚХА қызметі ұлтаралық келісімді нығайтуда, толеранттылық мәдениетін насихаттауда, маңызды рөл атқарады, - деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл халықтың мүддесін білдіретінін және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды рөлін бірнеше рет атап өткен болатын.

Достық үйінің маңызды бастамаларының бірі – су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін республикалық штаб ұйымдастырған.

«2024 жылы қалалық Ассамблея 70 миллион теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетті, бұл оның белсенді әлеуметтік ұстанымын дәлелдеді. Қалалық Ішкі саясат басқармасына Достық үйімен бірлесіп, Ассамблея мүшелерінің қатысуымен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және іске асыруды, сондай-ақ мәслихаттың жұмыс отырыстарына олардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін Сарапшылар қауымдастығын құруды тапсырдым», - деп жазды Е.Каналимов.