00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада волонтерлік шеберлік сағаты өтті

Астанада волонтерлік шеберлік сағаты өтті
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық волонтерлер фронт-офисі жобасы аясында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушыларына арналған «күміс» волонтерлік туралы дәрістер мен шеберлік сағаттары өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара мақсаты — «күміс» волонтерлікті насихаттау, егде жастағы адамдарға волонтерлік қызметтің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, аға буынды волонтерлік жобаларға қатысуға ынталандыру.

«Сондай-ақ, орталық қатысушыларына «Күміс волонтерлік: белсенді ұзақ өмір сүрудің жаңа көкжиегі» және «Волонтерлік қызмет туралы» тақырыптарында дәріс оқылып, қатысушылар тарапынан қойылған қызықты сұрақтар талқыланды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда «күміс» волонтерлік бағыты қарқын алуда. Бұл бағыт арқылы 50 жастан асқан адамдар жаңа білім мен дағдыларды игеріп, қоршаған ортаны қорғауға ықпал етіп, еліміздің әлеуметтік өміріне белсенді қатыса алады.