00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада жалпыұлттық экологиялық акция өтіп жатыр

23 наурыз, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астанада жалпыұлттық экологиялық акция өтіп жатыр
Фото: gov.kz

Бүгін – Наурызнаманың соңғы күні. Соған орай еліміздің барлық аймағында жалпыұлтттық экологиялық акция өтуде, деп хабарлады Elorda.info.

Сарыарқа ауданы әкімдігі мен «Астана Жастары» еріктілері  және аудан тұрғындары «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысып жатыр.

Ауданда орналасқан орталық көшелер, тұрғын алаптар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер және аула аумақтары тазаланады. Сондай-ақ  аялдама павильондарын, тротуарларды, жолдарды және т.б жуу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ аялдама павильондарын, тротуарларды, жолдарды, жарықтандыру тіректерін, қоршауларды және т. б. жуу жұмыстары жүргізілуде.

«Бүгін Сарыарқа ауданын тазалауға 270-тен астам арнайы техника мен 650-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Қысқы кезеңнен кейінгі ауданның тазалық жұмыстарын жүргізуге  1500-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ оған білім және мәдениет ғимараттары, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес өкілдері атсалысты. Акция аясында еріктілермен бірге жеке секторда тұратын жалғызбасты зейнеткерлерге, ерекше қажеттілігі бар адамдарға үй маңындағы аумақты тазартуға көмектесеміз, - деді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Елдар Томашов.