00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада түнгі уақытта қатынайтын автобустар тоқтатылады

12 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада түнгі уақытта қатынайтын автобустар тоқтатылады
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада түнгі уақытта қатынайтын автобустар тоқтатылады, деп хабарлады Elordainfo.kz «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап.

«Оқу маусымы басталуына байланысты жолаушылар санының артуы және қалалық бағдарларда түнгі автобустарды пайдалану тиімдірек болатынын ескере келе, түнгі маусымдық бағдарлар қозғалысын 14 қыркүйек сенбіден 15 қыркүйек жексенбіге қараған түні тоқтату шешімі қабылданды», - делінген хабарламада.

№ 201, 202 және 203 түнгі бағдарлары іске қосылған күннен бастап 21 116 жолаушы тасымалдады.

№201 бағдармен 10 534 жолаушы,

№ 202 бағдар – 5 061 адам және

№ 203 бағдарда 5 521 жолаушы жүрді.

Салыстырар болсақ, осы кезеңде бір қалалық бағдармен орташа есеппен 500 мыңға жуық жолаушы жүрді, бұл түнгі бағдарларға қарағанда әлдеқайда көп көрсеткіш.