Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу ұйымдастырылады

фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада Республика күніне орай демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, соның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және т. б. орындарда өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:37
Елордалық полицейлер есірткі таратушыларды ұстады

Бүгін, 15:21
Астанада өтетін Backstreet Boys тобы концертіне 12 000-нан астам турист келеді

Бүгін, 14:02
Астанада медицина мамандарының оқу ғимараты пайдаланылуға берілді

Бүгін, 13:42
Елордада аумақтық қорғаныс бригадасының әскери жиындары өтіп жатыр