00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды

16 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды
фото: Бақтыгүл Бурбаева

Астанада Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бөлінген жолақ Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта екі бағытта әрекет етеді.

Bus Lane-тің негізгі мақсаттары – жоғары жол кептелісі кезінде қоғамдық көліктің орташа техникалық жылдамдығын арттыру, апат санын азайту, сондай-ақ жедел жәрдем, арнайы қызмет, өрт сөндіру техникасы мен қызметтік таксилердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету. Бұл қозғалыс аралығын реттеуге және қоғамдық көлік аялдамаларында күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Мәңгілік Ел даңғылының Ұлы Дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта №№ 12, 15, 15А, 18, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарлар қызмет көрсетеді. Күніне 129 автобус жүреді.

Бұл осы жылы енгізілген екінші Bus Lane. Бұған дейін, Bus Lane Ш. Айтматов көшесінде енгізілген болатын.