00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада кәмелеттік жасқа толмағанды ұрып-соққан екі оқушы сотталды

17 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада кәмелеттік жасқа толмағанды ұрып-соққан екі оқушы сотталды
Жоғарғы Соты

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2 оқушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

К. және Д. есімді екі оқушы алдын ала сөз байласуы арқылы М.-ға күш қолданып, ұялы телефонын, күміс сақинасын және киімін тартып алған. Келтірілген материалдық шығын 500 мың теңге.

Сот үкімімен К. және Д. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот К.-нің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы белсенді рөлін және кәмелеттік жасқа толуын ескере отырып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Ал сотталушы Д. кәмелеттік жасқа толмағандықтан және залалды өз еркімен өтегендіктен, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады», - делінген Астана сотының хабарламасында.

Жәбірленушінің талабы қанағаттандырылды, сотталушылардан келтірілген материалдық залал мен моральдық зиян өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.