Астанада картоп жетіспеушілігі жоқ – басқарма

Фото: freepik.com
Бұл туралы Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Картоп жетіспеушілігі жоқ. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған, ал оның қорлары уақытылы толықтырылуда», - делінген басқарма хабарламасында.
Өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау мақсатында Small және Spar желілерінің сауда нүктелерінде картопты бір адамға 5 килограмнан артық сатуға уақытша шектеу енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар

2 қыркүйек, 2025
«Ретро Шапито циркі» Астанада «Таза Қазақстан» акциясын өткізді

2 қыркүйек, 2025
Елордада №47 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

2 қыркүйек, 2025
«Астананың 500 мыңыншы тұрғыны»: елордалық Ақнұрдың өмірі қалай өзгерді

2 қыркүйек, 2025
Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды