Астанада Көктал мен Байсейітова көшелерінің бір бөлігі жабылды


Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Н.Тілендиев даңғылынан Оқжетпес көшесіне дейінгі учаскеде Көктал көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 22 мен 26 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылды. Бұл ретте қозғалыс жақын жерде орналасқан көшелермен ұйымдастырылады.
Сонымен қатар Фахт бен Абдул Азиз көшесінен Талапкер көшесіне дейінгі учаскеде К.Байсейітова көшесі 22-29 сәуір аралығында ішінара жабылды.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, - делінген хабарламада.