Астанада демалыс күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді


Астанада 26-27 шілде аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген шаруа қожалықтарының азық-түлік өнімдерінің кең таңдауы ұсынылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жәрмеңкеге келген жұрт жаңадан жиналған көкөністер мен жеміс-жидекті, ет, сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, бал, тосап, табиғи шырындар мен өзге де тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін KERYEN JOLY сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35) өтеді.
Қосымша түрде, дәл осы күндері – 26-27 шілде аралығында демалыс күнгі жәрмеңкелер мына орындарда да жұмыс істейді:
• «Көктал» СОО аумағында (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
• Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында («Рио-де-Жанейро» ТК қарсы бетінде).
Айта кетейік, жәрмеңке алаңдары сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.



