00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада бірнеше көшеде жөндеу жұмыстары басталды

26 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада бірнеше көшеде жөндеу жұмыстары басталды
ашық дереккөз

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, бірнеше көшенің учаскелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

26 сәуір мен 14 мамыр аралығында Жеңіс даңғылының Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізіледі.

26 сәуірден 6 мамырға дейін Кенжин көшесінде Болашақ көшесінен Тілендиев даңғылына дейін орташа жөндеу жүргізілетін болады.

26 сәуірден 4 мамырға дейін Жаңақоныс көшесінен Жұмбақтас тұйық көшесіне дейін орташа жөндеу жүргізіледі.

Жөндеу жұмысына байланысты жоғарыда аталған учаскелер ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.