00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бір бөлмелі пәтеріне 937 адамды тіркеген азамат сотталды

11 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Елордада бір бөлмелі пәтеріне 937 адамды тіркеген азамат сотталды
коллаж Еlordaqparat

 Елордада заңсыз көші-қон ұйымдастырған азамат істі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық прокуратура көші – қон заңнамасы талаптарының сақталуына қатысты тексеру жүргізген. Оның барысында жалпы ауданы 35,7 ш.м. құрайтын бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгені анықталды.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Мемлекеттік айыптаушы – прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді. Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 – бабының 1 – бөлігі бойынша сотталды», - деп көрсетті Астана  қаласының прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енді.