Астанада балаларға арналған «Байқоңыр» ауданы әкімінің шыршасы өтті

31 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астанада балаларға арналған «Байқоңыр» ауданы әкімінің шыршасы өтті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жылдағы дәстүр бойынша «Байқоңыр» ауданы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Мерекелік шараға барлығы 500-ден аса бала қатысты.

Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндердің қуаныштары тым ерекше.

Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетіп, балаларға арналған жаңа жылдық бағдарламаларын көрсетті.

«Еліміздің жарқын болашағы балалар аман болсын! Бүлдіршіндерімізге жаңа жылда жаңа жетістіктер мен ғажайып армандарының орындалуын тілеймін.

Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!» - деп құттықтады «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Әрі қарай шырша мерекесі үлкен сахнада балаларға арналған музыкалық көріністермен жалғасты.

Мерекелік шара соңында балақайларға аудан әкімдігінің атынан тәттілер мен сыйлықтар үлестірілді.