00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Aulafit» жобасының жазғы маусымы аяқталды

«Aulafit» жобасының жазғы маусымы аяқталды

Бүгін елордадағы «Сармат -1» тұрғын үй кешенінің футбол алаңында «Aulafit»  жобасының жазғы маусымының жабылу рәсімі өтті , деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жобаның жабылу маусымының салтанатты шарасына Лондон Олимпиадасының чемпионы әрі жоба авторы Серік Сәпиев, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт бөлімінің басшысы Азамат Ағзамов қатысып, қатысушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

«Aulafit спорттық әлеуметтік жобасының кезекті маусымы сәтті аяқталғанымен құттықтаймын. Биыл 30 ауланы қамтып, 3 мыңға жуық тұрғын жобамызға белсенді түрде қатысты. Келесі жылы бұдан да ауқымды өтеді деп үміттенемін. Баршаңызға алғысымды білдіремін. Спортты серік етіп, салауатты өмір салтын жалғастыра берейік», - деді бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы және «Вэл Баркер» кубогінің иегері Серік Сәпиев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан жоба жаз бойы қала тұрғындары үшін тегін түрде өтті. Қатысамын деушiлердiң жасына шектеу қойылған жоқ.    

«Тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен аптасына үш рет өткен жаттығу сабақтары 30 ауланы қамтыды. Салыстырмалы түрде 2023 жылы 10 ғана аула болған еді. Айтулы жобаға қаланың еңкейген қариясынан, еңбектеген баласына дейін қатысты. Жоба қатысушылары футбол, баскетбол, волейбол, дене жаттығуымен айналысты. Сондай - ақ, Aulafit әлеуметтік жобасын іске асыру барысында қала тұрғындары «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясына белсене қатысты. Олар әр жаттығудан кейін өз аулаларын жинады», - деді елордалық спорт басқармасының спорт бөлімінің басшысы Азамат Ағзамов. 

Жаттығулар дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері төмендегі орындарда өткізілді:

1.Н. Тілендиев, 38

2. Әнет баба, 11 - «Манхэтэн» тұрғын-үй кешені

3. Ш. Айтматов, 60 - «Мадрид» тұрғын-үй кешені

4. Сарыарқа, 11

5. Кенесары д. 64 - «Дарын» тұрғын-үй кешені

6. Сығанақ көшесі 14 - «Шығыс» тұрғын-үй кешені

7. С. Кубрин көшесі, 23/1 - «Европейский»тұрғын-үй кешені

8. Ұлы дала, 31/1 - «Алпамыс» тұрғын-үй кешені

9. Момышұлы, 12 - «Астана Меруерт» тұрғын-үй кешені

10. Түркістан көшесі, 10 - «Көркем 2» тұрғын-үй кешені

11. Қошқарбаев көшесі, 45

12. Күйші Дина, 31 - «Мирас» тұрғын-үй кешені

13. Сауран Көшесі, 3/1 - «Сармат 1» тұрғын-үй кешені

14. Мәңгілік ел даңғылы, 19 – «Айсанам»тұрғын-үй кешені

15. Қабанбай батыр, 59Б – «Будапешт»тұрғын-үй кешені

Сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері төменгі аулаларда жаттығу өткізілді:

1) С 303 көшесі, үй 2;

2) Қорғалжын тас жолы – «Елорда 2020» тұрғын үй кешені;

3) Ш.Айтматов, 36 – «Жағалау» тұрғын үй кешені;

4) Ш. Қосшығұлы көшесі, 20

5) Пушкин көшесі, 15 Б – «Қытай қорғаны» тұрғын үй кешені;

6) Сауран көшесі, 5 – «Градкомплекс» тұрғын-үй кешені;

7) Ж.Молдағалиев көшесі, 6

8) С.Сейфуллин көшесі, 9 – «Жоңғар қақпасы» тұрғын үй кешені;

9)Сарайшық, 34 - «Дипломат» тұрғын үй кешені;

10) Ш.Құдайбердіұлы , 5 – «Тараз» тұрғын үй кешені.

11) Р.Қошқарбаев көшесі, 34 – «Түркістан» тұрғын-үй кешені;

12) Б.Майлин көшесі, 31 - «Апато» тұрғын-үй кешені;

13) Бейбарыс Сұлтан көшесі, 11 – «Qazanat River» тұрғын үй кешені;

14)Әл-Фараби, 34/4- «Nova Citу» тұрғын үй кешені;

15) Айнакөл көшесі, 60 – «Барыс» тұрғын үй кешені.

Еске салайық, «Aulafit» жобасы алғаш рет 2020 жылы қолға алынған.  

Шара соңында тұрғын үй кешенінің балалары Лондон Олимпиадасының жеңімпазымен бірге естелік суретке түсіп, қолтаңбасын алды.