Астанада «Ауған отын кешкендер» атты көрме ашылды
Астанада «Ауған отын кешкендер» атты көрме ашылды
Әскери музейге қойылған жәдігерлермен Ауған жауынгерлері Қайрат Елубаев, Ғалым Қожабеков, отставкадағы генерал-майор Тұрсын Уажанов, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери қызметшілері және «Батырлар» клубының тәрбиеленушілері танысты.
Көрмеге қойылған 300 экспонаттың ішінде арнайы мақсаттағы 177 жасақ командирі, атақты «Қара майор» – полковник Борис Керімбаевтың жеке заттары мен киімдері бар. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов Қорғаныс министрінің атынан ауған ардагерлеріне «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл» төсбелгісін табыс етті.
Іс-шара соңы Ауғанстандағы соғыс кезіндегі интернационалист-жауынгерлердің сүйікті әндері орындалған концертпен аяқталды.