00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада алты жаңа автобус бағыты ашылады

26 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада алты жаңа автобус бағыты ашылады
Фото: Сұлтан Сейіт

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Астанада қоғамдық көліктердің жаңартылуы» туралы «№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы Медет Шакаев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының «№1 Автобус паркі» елорданың бүкіл маршруттық желісінің шамамен 70 пайызын қамтиды яғни, 38 қалалық маршрутқа және 28 қала маңындағы маршруттарға қызмет көрсетеді.

Парк гаражы  Iveco, Yutong маркалы ыңғайлы автобустардан тұрады, олардың саны 673 бірлік. Кәсіпорында 1 472 қызметкер жұмыс істейді, оның 1 013-і – жүргізушілер. 

Кәсіпорын Астанадағы халық санының артуына байланысты қазіргі уақытта автобустардың тапшылығын жоюды көздеп отыр. Маршруттық желіні жаңғырту шеңберінде Мемлекет басшысының, Астана қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша биыл кәсіпорынға Youtong маркалы 320 автобус сатып алу жоспарда бар, оның ішінде 20-сы – 18 метрлік электр автобустары және 40-ы 18 метрлік дизельді автобустар. Сондай-ақ, жеке тасымалдаушылар 80 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. 2024 жылы тағы 100 автобус сатып алынады, - деді М.Шакаев.

«№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша бірқатар кешенді іс-шаралар жоспарланған. 

Қазіргі уақытта 20 бірлік көлемінде 18 метрлік электр автобустары сатып алынды. Бұл көліктер желіге №10 маршрутқа шығарылды. Бұрын №10 маршрутта жұмыс істеген 18 метрлік автобустар жолаушылар ағынын ескере отырып, 7, 44, 61 (Жағалау ш.м.), 24 (Өндіріс тұрғын алабы (Орман зауыты), 9, 29 (Интернациональный кенті) маршруттарына жіберілді, - деді ол. 

Сондай-ақ 200-ден астам автобус жүктемені азайту және тұрақты қозғалыс аралығын қамтамасыз ету үшін барлық маршруттардағы кестелер қоғамдық көліктің санын көбейтуге жұмсалады. Яғни, қаланың барлық аудандары қамтылады.

Елорда халқының өтініштерін ескере отырып, биыл 6 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, онда салынып жатқан жаңа аудандарға, автобустар жоқ немесе жетіспейтін проблемалық учаскелерге қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін 95 автобус жіберілетін болады.