00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада алименттік қарызы бар адамдарға тиесілі 4 автокөлік айып тұрағына жеткізілді

17 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада алименттік қарызы бар адамдарға тиесілі 4 автокөлік айып тұрағына жеткізілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада алименттік қарызы бар адамдарға тиесілі 4 автокөлік айып тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды Elorda.info.

Аталған рейдтік шара барысында алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөліктерін айып тұрағына қою бойынша шаралар қабылданып,  нәтижесінде 857 160 теңге, 1 518 626 теңге, 2 483 773 теңге, 2 943 979 теңге алимент берешектері бар борышкерлердің 4 автокөлігі ұсталып, айып тұрағына қойылды. 

Жеке сот орындаушылар аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстарын жүргізетін болады. Аталған рейдтік шара бойынша алдағы уақытта да борышкерлердің мүлкінен  өндіріп алу жұмыстары одан әрі жалғасады, - делінген құзырлы орын ұсынған хабарламада