00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада алғаш рет айналмалы бағдар іске қосылады

Астанада алғаш рет айналмалы бағдар іске қосылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

1 маусымнан бастап Астанада алғаш рет №55 айналмалы бағдары іске қосылады.

Бағыт елорданың «Министрліктер үйі», «Хан Шатыр» СОО», «Гүлжан» СҮ», «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт», «Е.Рахмадиев атындағы филармония» сияқты негізгі көлік тораптарын қамтиды.

№55 бағдардың бірыңғай соңғы аялдамасы «№2 Ақмола облыстық ауруханасы» болады. Бағытын нөмірлеудегі әріптер бойынша анықтауға болады: А – сағат тілімен, Б – сағат тіліне қарсы.

Бағдармен «Iveco Urbanway» маркалы 20 автобус жүреді. Қозғалыс аралығы 8-15 минутты құрайды, - делінген хабарламада.

Айналмалы бағдар қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға және негізгі магистральдік көшелердің көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 23 бағдардың жүктемесін азайтуға ықпал етеді (№5, 5А, 8, 9, 11, 13, 17, 22, 22А, 23, 26, 28, 31, 32, 33, 46, 50, 51, 53, 56, 60, 66, 73).