Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады

24 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 24 наурызда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын мен қар жаууы мүмкін. 

«Оңтүстік өңірде нөсер жаңбыр жауады. Сондай-ақ оңтүстік-шығыс пен батыста да қар аралас жауын жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.

Республикада тұман түсіп, қатты жел соғады. Еліміздің солтүстігінде көктайғақ болса, оңтүстікте найзағай соғады. 

Дүйсенбі күні Астанада көшпелі бұлт жүріп, қар жауады. Қатты боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -6-8°, күндіз -1-3°.

25 наурыз күні де көшпелі бұлт болады. Бірақ жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12°, күндіз 0+2° жылы болады.

26 наурыз күні елордада көшпелі бұлт жүреді. Жауын-шашын болмайды. Шығыстан соғатын желдің екіпіні секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12°, күндіз +5+7°.

Алматыда 24 наурызда күні бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +7+9°, күндіз +13+15° жетеді.

25 наурызда көшпелі бұлтты жүріп, өткінші қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -1+1°, күндіз +4+6° көрсетеді. 

26 наурыз күні Алматы шаһарында көшпелі бұлт жүргенімен, күн жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°, күндіз +4+6°.

Шымкентте 24 наурыз күні нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°, күндіз +15+17° көрсетеді.

25 наурызда көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метрге дейін жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +6+8°, күндіз +10+12°.

26 наурыз күні де жауын жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°, күндіз +8+10° көрсетеді.