00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада алғашқы жедел жәрдемге ат жеккенін білесіз бе?

28 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада алғашқы жедел жәрдемге ат жеккенін білесіз бе?
фото: feldsher.ru

Бүгін, 28 сәуір – Жедел жәрдем қызметкерлері күні. Тәуліктің кез келген уақытында, жеке бастың ешқандай да жағдайына қарамастан, науқастың шақыртуына баратын жандарды жедел жәрдем дәрігері дейміз. Олар  күн сайын небір түрлі науқаспен жүздесіп, дертіне дауа іздеген жандарға алғашқы көмек көрсетеді. Ал сіз әлемде алғашқы жедел жәрдем станса қашан, қайда және не себепті ашылғанын білесіз бе? Сары мен ақ жедел жәрдемнің айырмашылығы неде? Неге дәл бүгін осы сала қызметкерлерінің күні болып есептеледі? Осы сұрақтарға Elorda.info тілшісі жауап іздеп көрді.

Тарихы

«Фельдшер» сөзі неміс тілінен шыққан және «дала дәрігері» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы жабдықталған жедел жәрдем стансасы 1417 жылы Нидерландыда пайда болған. Оның негізгі міндеті суға батып кеткен адамдарды құтқару және оларға көмек көрсету болды. Венада жедел жәрдем станциясы 1881 жылы құрылған. Оған Үлкен театрдағы өрт себеп болған. Зардап шеккендердің көптігін байқаған Вена дәрігері Ярослав Мунди көп ұзамай жедел жәрдем стансасын ұйымдастырған.

Ал Астана қаласында жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінің даму тарихы 1932 жылдың 14 ақпанынан басталды. №1 Ақмола қалалық ауруханасында қала тұрғындарына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі ашылды. Онда 2 фельдшер күндіз атпен жүріп медициналық көмек көрсеткен. Санитарлық көлік 1939 жылы пайда болды.

Ақ немесе сары?

Ақ түсті  көлік қарқынды араласуды қажет етпейтін жағдайлардың көпшілігіне шығатын стандартты жедел жәрдем көлігі.  Ал сары түсті көліктерді «реанимобильдер» деп атайды. Ол ауруханаға жеткенші  ауыр науқасқа көмек көрсету үшін арнайы жабдықталған көлік.

Неге 28 сәуір?

Бұл күнді 1898 жылы 28 сәуірде Мәскеуде алғашқы екі жедел жәрдем станциясының ашылуымен байланыстырады.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ