00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада жүгіруден қайырымдылықты қолдауға арналған жарыс өтеді

21 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада жүгіруден қайырымдылықты қолдауға арналған жарыс өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астаналықтар аутизмі бар балаларды қолдау арналған Run for autism қайырымдылық жарысына қатыса алады. Спорттық іс-шара 29 сәуір күні өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Run for autism қайырымдылық жарысы Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған.

Іс-шара аутизм туралы халықтың хабардарлығын арттыру, осы диагнозы бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоғамнан өз орнын табуы мақсатында өткізіледі.

Жарыс 29 сәуір күні таңғы сағат 8.00-де Триатлон саябағында өтеді.

Жиналған қаражат аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды қолдау мақсатында «Болашақ» корпоративтік қорының «Әрбір бала мектепке лайық» бағдарламасына бағытталатын болады.

Жарыс төрт қашықтықта өтеді:

1 км – 4 990 теңге;

2,5 км – 5 990 теңге;

5 км – 6 990 теңге;

10 км – 7 990 теңге.

Жарысқа мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.

Жарысқа қатысушылар арасында бағалы сыйлықтары бар ұтыс ойыны өтеді. Онда смартфондар, фитнес-клубқа жылдық абонемент, велосипедтер, шлемдер, сондай-ақ клиникада толық тексерілуге болатын жолдамалар бар.

Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін «Көңілді старттар» тегін ойын-сауық спорттық бағдарламасы ұйымдастырылады. «Көңілді старттарға» қатысу үшін @bolashakcharity сілтемесі арқылы тіркелу қажет.