Астанада 1 200-ден астам жарнамалық белгі алынып тасталды
Астанада 2019 жылы бекітілген қаланың дизайн-кодына сәйкес сыртқы жарнама мен маңдайшаларды ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта бекітілген дизайн кодқа сәйкес келмейтін 1 200-ден астам жарнамалық белгі алынып тасталды. Мұндай бұзушылықтарды жою үшін шағын және орта бизнес иелеріне сыртқы жарнаманы сәйкестендіру туралы хабарламалар жіберіледі. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізіледі.
Астана қаласының Урбанистика орталығы маңдайшалар бойынша 400 эскиздік ұсыныс пен ұсыным әзірледі. Орталықта келісілмеген сыртқы жарнама визуалды шу шығаратынын, қаланың жалпы көрінісі мен үйдің келбетін бұзатынын атап өтті. Мақсат – сыртқы жарнаманы ретке келтіру, біртұтас және тартымды қалалық ортаны құру.
Қазіргі уақытта «Лазурный квартал», «Триумфальный» тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Сәтбаев, Түркістан көшелерінің, Мәңгілік ел, Республика даңғылдарының және т.б. бойында орналасқан тұрғын үй кешендері бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Жарнамалық белгілердің сәйкес келмеуі бойынша ұсыныстарды елорданың Урбанистика орталығының Centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады.