Астана әуе кеңістігінде уақытша шектеулер енгізіледі


22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астанада әскери авиацияның жаттығу ұшуларына байланысты әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер қойылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі», - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұрайды:
Air Astana
Алматы: + 7 (727) 244 44 77;
Астана: + 7 (7172) 58 44 77;
қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77.
SCAT +7 (7252) 99 88 80.
Qazaq Air +7 (727) 356 14 14.
FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp).
Астана әуежайы +7 (7172) 702–999.



