Астана мен Рабат арасындағы ынтымақтастықтың Жол картасына қол қойылды
Елорда мәслихаты депутаттарының Марокко Корольдігіне ресми сапары барысында Астана мен Рабат арасындағы ынтымақтастықтың Жол картасына қол қойылды, деп хабарлады Elorda.info.
2024-2027 жылдарға арналған құжат урбанистика, мәдени мұраны сақтау және көбейту, инвестициялар мен туризм, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты көздейді, мысалы, Марокко тарапын IKomek 109 жүйелерін, сондай-ақ Birge порталын енгізу тәжірибесі қызықтырды.
Өткен жылы Астананың 25 жылдық мерейтойын мерекелеу күндері, 10 елден 17 қала басшысы қатысқан бауырлас қалалардың жыл сайынғы форумы барысында Рабат қаласының Бірінші әйел мэрі Асмаа Рхлалумен кездесті.
«Біз іскерлік аудандарда тәжірибе алмасу мәселелерін және т.б. талқыладық. 2023 жылдың 3 шілдесінде екі астананың басшылары арасында осы салалардағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, ал біздің қалалар бауырлас болды», - деді Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.