Астана маңындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
13 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Коллаж: Elordainfo.kz
Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған, деп хабарлайды Elorda.info.
Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды тасжолдарында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар