00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді

Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді
ашық дереккөз

Елімізде 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі. Мерекеге орай Астанада 100-ге жуық түрлі іс-шара өтуде. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттік бағдарламалар, фестивальдер, спорттық турнирлер және т.б. ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

5-7 шілде аралығында елордада «Еуразия театры» халықаралық көше театрларының фестивалі өтуде. Іс-шараға эстониялық, польшалық, ресейлік және қазақстандық театр ұжымдары мен әртістер қатысады.

6 шілдеде сағат 11:00-де халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылардың шеруі өтеді. Ол қала алаңынан басталып, Орталық саябаққа дейін жалғасады.

7 шілдеде сағат 14:00-ден бастап Орталық саябақта фестиваль қатысушыларының театрландырылған қойылымдары өтеді. Сағат 17:00-де фестиваль аяқталады.

6 шілде күні сағат 20:00-де Амфитеатрда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен «Астана – арман қала» мерекелік концерті өтеді. Іс-шараға белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қанат және Света Айтбаевтар, Арайлым Рахимқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Зарина Омарова, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Әкімхан Мәженов, Алтыншаш Мұқатаева, сондай-ақ DJ Dake және «ALEM» заманауи би балеті қатысады.

6 шілде күні сағат 11:00-де және сағат 15:00-де қала шетіндегі тұрғын алаптарда елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Астана – жүрегім» концерті өтеді. Мерекелік іс-шарада Мәди Қадыров, Гүлнұр Оразымбетова, Досымжан Таңатаров, Медет және Клара Салықовтар, Бауыржан Исаев және қазақстандық эстраданың басқа да жұлдыздары өнер көрсетеді.

Тұрғын алаптарда мерекелік концерттер өтетін орындар:

Алматы ауданы:

11:00 «Sana» спорт орталығының алаңы (Қажымұқан көшесі, 5);

15:00 «Промышленный» тұрғын алабы.

Байқоңыр ауданы:

11:00 «Өндіріс» тұрғын алабы;

11:00 «Қазқалашық» тұрғын алабы;

15:00 «Кирпичный» тұрғын алабы.

Есіл ауданы:

11:00 «Пригородный» тұрғын алабы;

15:00 «Бәйтерек» монументі;

Нұра ауданы:

11:00 «Үркер» тұрғын алабы;

15:00 «Мереке» саябағы.

Сарыарқа ауданы:

11:00 «Қорғалжын» алаңы;

11:00 «Агроқалашық» тұрғын алабы;

15:00 «Көктал» саябағы.

6, 7 және 8 шілдеде сағат 12:00-ден бастап қала қонақтары мен тұрғындары үшін Орталық саябақта «Mereke stree» жазғы жобасы жұмыс істейді. Бұл – шеберлік сыныптары мен ашық аспан астындағы кинотеатры бар барлық жастағы азаматтарға арналған Отбасылық демалыс фестивалі.

6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО алаңында OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді. Іс-шарада отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T'OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетеді. Концерт аяқталғаннан кейін шамамен сағат 22:15-те (22:30) «ASPAN» дрон-шоуы жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1 250 аппарат іске қосылады, оның ішінде 70 аппарат – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоулар қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

7 шілдеде ЭКСПО алаңында домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтеді. Кеш қонақтары: «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «Made in KZ» тобы, Ибрагим Ескендір және «Алтын домбыра» балалар шығармашылық орталығы, «Assyl» тобы, Qalifarniya, Qanay, Ақтоты Болшова және басқа да әртістер.

Елорда күніне ауқымды спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған. Арасында ең ірілері: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Толағай алыптар сайысы» республикалық іріктеу турнирі, ат жарысы (конкур), «Елорда кубогі» республикалық бәйге турнирі, «Ел жүрегі – Астана!», әуесқойлар арасындағы теннис чемпионаты.

Ірі іс-шаралармен қатар, Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында волейболдан турнир, «Астана сақасы» асық атудан ашық турнир (ерлер, әйелдер), мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында «Шоудаун» үстел теннисінен чемпионат, Сарыарқа ауданының тұрғындары арасында ұлттық ойын түрлері бойынша жарыстар өтетін болады.