00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана әкімі өрт шыққан пәтерден оқушыны құтқарған Алтынбек Алтаевпен кездесті

16 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана әкімі өрт шыққан пәтерден оқушыны құтқарған Алтынбек Алтаевпен кездесті
фото: Instagram/ Жеңіс Қасымбек

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен қызды құтқарып қалған Алтынбек Алтаевпен және оның ұлымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info қала басшысының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Алтынбек Алтаевтың айтуынша, қызыл жалынға оранған пәтерді көргеннен кейін балконнан өртеніп жатқан терезеге еш ойланбастан секіріп кірген.

«Оның осындай жауапты сәтте үрейге бой алдырмай, қауіпке бел буғаны таң қалдырады әрі бұл әрекеті құрметке лайық! Тұрғындарымыздың қысылтаяң сәтте шет қалмай, көмекке ұмтылатынын мақтан тұтамыз!», - деді Жеңіс Қасымбек.

Жеңіс Қасымбек басын қатерге тігіп, жасөспірім қызды құтқарған азаматқа 2 млн теңгеге сертификат табыс етті.

Естеріңізге саламыз, 12 тамыз күні Сығанақ көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабатындағы пәтерде өрт шыққан болатын. Оқиға орнына келген 3-МӨСБ аға инженері Серік Рақымжанов және қала тұрғыны 15 жасар қызды өрттен құтқарған.